Давид Белль (; туған жылы 29 сәуір 1973 жылы, Фекан, Нормандия) француз актеры, әлемдегі паркур қозғалысының көшбасшысы, паркурдың негізін қалаушы.
Өмірбаяны Давид Белль 29 сәуір 1973 жылы Seine — Maritime округінде, Фекам(Fecamp) атты қалашықта дүниеге келген. Ол қарапайым отбасында өскен. Ең алғаш Париж қаласының сыртындағы Фекам қалашығында тұрған. Кейіннен Ле-Сабль-д’Олон қалашығына көшіп, сол жерде Давид алғашқы 14 жылын өткізген. Осы жылдары Давид аға сержант қызметін атқарған- Гильбертом Киттен атты атасының қолында бапталған. Оны атасының батырлық істері қызықтырған және таңқалдырған. Жастайынан Давид батырлық істерге қызығып, белсенді қимыл-қозғалыстар жасап өскен.
Оның әкесі, Раймонд Белль, Парижде өрт сөндіруші жұмысында қызмет атқарған және ол белсенді спортшы болған. Давидтің әкесін адамдар көбінесе бұл "табиғат күші" деп атаған. Раймонд өте мықты құтқарушы болған, Ол осы мамандығының арқасында Францияда атақты болып кетті. Әкесінің рөлі Давидтің өміріне үлкен әсерін тигізді.
Давид оп-оңай спорт жағынан қырағылық көрсетті, әсіресе қозғалыстар жағынан, мынадай қозғалыстарды жақсы үйренді: жеңіл атлетика, гимнастика және әскери өнер. 15 жасында Давид мектепті қойып, спорт жағына дем қоюды ұйғарды. Белль спортты өмірінде бірінші орынға қоюды дұрыс деп есептеді. Күш және ептілікті спорт жағынан дамыту керек және әрдайым өмірінде спорт арқылы өзгерістер болуы керек-деп әкесі айтқан.Сол арқылы Давид паркурдың негізін қалап, әйгілі паркуршы атанып кетті.
Давид алғашында музыкалық видеоклиптер түсіріп, кейіннен Давид фильмдерге түсе бастады.
Түскен Фильмдері 2000 — Дураки / Cons 2001 — Шестерёнка / L’engrenage 2002 — Роковая женщина / Femme Fatale 2002 — Божественное вмешательство / Yadon ilaheyya 2004 — 13-й район / Banlieue 13 2006 — Лучший мир / Un monde meilleur 2008 — Вавилон Н. Э. / Babylon A.D. 2009 — 13-й район: Ультиматум / Banlieue 13 Ultimatum 2013 — Малавита / The Family 2014 — 13-й район: Кирпичные особняки / Brick Mansions Жоспарлануда: 13-й район: Холодный Квадрат
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми парақшасы Ресми блогы