Сен-Жон Перс (Saint-John Perse)(1887-1975) Вест Индияның Гваделупа шағын аралында дүниеге келген XX ғасырдағы францияның көрнекті ақыны. Шын аты - Мари Рене Алекси Сен-Леже. Өлеңдерін Сен-Жон-Перс лақап атымен жариялаған. Сен-Жон Перстің алғашқы тырнақалды жинағы 1914 жылы жарыққа шықты.
Кәсіби Дипломат Сен-Жон Перс бес жыл Қытайда елші болып қызмет атқарған. Сол Оңтүстік Қытай теңізінде жүзіп жүріп, өзінің әйгілі Анабасис поэмасын жазған. 1960 жылы Сен-Жон Перс поэзия арқылы заман бейнесін, асқақ рухтың көркемдігін бере алғаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанған.
Туындылары Éloges, 1911 Anabase, 1924 поэма Amitié du prince, 1924 Exile, 1942 Vents, 1946 Amers, 1957 Chronique, 1960 «Құстар» (Oiseaux, 1962).Энциклопедия Кругосвет.
Дереккөздер
Санат:Франция ақындары