Боз сандуғаш () - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының кішкене (8—13 г) өкілінің бірі.
Биологиялық сипаттама Оның сұрғылт жонынан ақ бауырын бөліп түрғандай, көзі арқылы ерекше қара жолақ өтеді. Бұл түрдің денесіндегі үстіңгі бөліктегі жалпы рең қошқыл сұр түстен ақшыл құмөңдес түске өзгеріп тұрады. Әдетте бұлар ақшыл реңді құстар және дене мөлшері қошқыл құстардан кішірек болып келеді. Осы өзгермелі нұсқалардың барлығы мамандарға боз сандуғаштардың көптеген түршелерге бөлінуіне алып келеді, ал қазір кейбір мамандар мұны түр ретінде есептемей, түрлер құрамдасы ретінде деп санайды. Бұл әдеттегі сандуғашқа кіп-кішкене денесімен өте ширақ болуы үйлесімді. Дауысы - басқа сандуғаштардікіндей, әуені дыбыстардың мәнерлі топтамасынан құралып, үнді және сазды шумақпен аяқталады»Птицы Казахстана. Т. 4. 1972, 189-6.. Алайда түрлі- түрлі түршелерде оның күшті ажыратылатынын айта кеткен жөн. Басқа сандуғаштардікі тәрізді тостағаншаға ұқсас ұялар бұталарға орналастырылады. Ұяларды ата-енелері салады, салындыдағы жұмыртқаларды да солар кезектесіп, 11 - 12 күн басады және балапандарды ұяда соншама күн қоректендіреді. Балапандар ұшуға жақсы үйрене салысымен ұядан кетеді, ал ата-енелері оларды тағы кем дегенде екі апта қамқорлыққа алады.
Таралуы Бұл құрамдастық өте кең таралған, жақын түр өмір сүретін таулардан басқа, Қазақстанның бүкіл аумағын алып жатыр (бұларды да бір кездерде боз сандуғаштарға жатқызды).
Боз сандуғаштар Қазақстанда барлық жерде бұталарда, тіпті ол өмір сүретін сексеуілді «ормандарда» шөлдегі бұталарда мекендейді. Қазақстанда боз сандуғаштар жарты жылға жетер-жетпес мерзімде - сәуірдің аяғынан қазанның басына дейін болады.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
Дереккөздер
Санат:Сандуғаштар Санат:Еуразия құстары