Қауынбаймолда жотасы – Шардара бөгенінің солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созыла орналасқан.

Географиялық орны Түркістан облысы Шардара ауданы жерінде.

Жер бедері Ұзындығы 40 км, ені 5-10 км. Абсолюттік биіктігі 321 м. Жер бедері адырлы, оңтүстік-шығысы тегістеу келген. Шығысы сай-жыралармен тілімделген.

Геологиялық құрылымы Оңтүстік бөлігі ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңінің жыныстарынан, солтүстігі олигоцен шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Сұр топырағында өлеңшөпті-қоңырбасты, эфемерлі өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шардара ауданы таулары