Ұлы Альфред (ағылшын-саксон. Ælfrēd se Grēata; ; шамамен 849 — 26 қазан 899Jens Chr. Ottars og Wulfstans nordiske rejsebeskrivelser ca. 890 . Institut for Kultur og Samfund. / 28 қазан 901) — Уэссекс патшасы (871—899 жж. аралығында / 901 жылдар). «Англия патшасы» деген дәрежені ресми құжат бойынша иеленген Уэссекстің алғашқы патшасы. Ол өз отандастарының арасындағы ең оқымысты адам еді. Патша сарайында алған тәрбиесінің арқасында ежелгі жазушылардың тілі мен еңбектерін түсініп, оқи алатын. Ол ғылым мен білімді, елінің құқықтық және әскери жүйесін жақсартты. Альфред елін даттық викингілерден қоғап, осының арқасында «ұлы» деген дәриежені иеленді. Альфред 899 жылы, кейбір деректер бойынша 901 жылы Винчестер қаласында қайтыс болған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ұлы Альфред · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.