Ниязбек Әбдіғалиұлы Алдажаров (1915-1988) - шежіреші. Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайының меңгерушісі болып ұзақ жылдар қызмет еткен. Құнанбай мен Абай ұрпақтарының тарихы мен тағдырын жақсы білген. Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайын мемориалдық тұрғыдан қалпына келтіруге үлкен үлес қосқан. Шәкәрімнің, Ағашаяқ, Берікболдың, Қабыш Шәкәрімұлының әдеби, музыкалық мұраларын таспаға түсіріп, Абайдың Семейдегі мұражайының қорына тапсырған. Сондай-ақ Құнанбай мен Абайдың өмірбаянына қатысты деректер мен тобықты руының шежіресін жинақтап, бір ізге түсірген.
Дереккөздер
Санат:1915 жылы туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Шежірешілер Санат:Абайтану