Сөгетi – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны Шілік, Шарын өзендері аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 – 90 км-ге созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Ең биік жері 1889 м.
Геологиялық құрылымы Сөгетi тауы тас көмір, пермь дәуірлерінің шөгінділері мен жанартаулық (гранитті интрузиялар мен туф-лавалы эффузиялар) жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері мен сайларында тас қорымдар мен жартастар жиі кездеседі. Таулы, шөлді, шөлейтті дала ландшафттары дамыған. Көктемгі және күзгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы таулары Санат:Іле Алатауы