Амандық Ғаббасұлы Баталов (22 қараша 1952 жыл, Нүкіс, Өзбек КСР) - қазақстандық саяси қайраткер, 2014-2021 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі.
Өмірбаяны Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701 Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық. 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман. 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті. 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі. 1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылы тамыз - 2021 жылдың қарашасы - Алматы облысының әкімі.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-zharlygymen-amandyk-gabbasuly-batalov-almaty-oblysynyn-akimi-lauazymynan-bosatyldy-2410350
Марапаттары 2008 жылы Құрмет ордені; 2014 жылы Парасат ордені; 1998 жылы «Астана» медалі; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медаліАмандық Ғаббасұлы Баталов 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордені;
Дереккөздер
Санат:22 қарашада туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Нүкісте туғандар Санат:Жетісу ауданының әкімдері Санат:Алматы облысының әкімдері Санат:Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты түлектері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері