Батыс Сахалин таулары (орысша: Западно-Сахалинские горы) немесе Батыс Жота - Сахалин аралының оңтүстік-батыс бөлігіндегі таулар (Ресей). Ұзындығы - 650 км. Биіктігі - 1325 м (Вззвращение тауы, Журавлев шыңы).

Аңғарлармен бөлінген бірнеше жотадан тұрады. Камышовый жотасы - бас су айырық, ал 48° солтүстікке ендіктен оңтүстікке қарай Оңтүстік Камышовый жотасы жатыр. Батыс Сахалин таулары негізінен тақта тастан, құм тастан, конгломераттан және тереңдегі магмалық жыныстардан түзелген. Тас көмір кені бар.

Ламанон мүйісі маңында сөнген жанартаулар (Ичара, Краснов) кездеседі. Цусима жылы ағысы әсер ететін оңтүстік-батыс беткейінде жалпақ жапырақты ағаштар көбірек кездесетін аралас орман өседі; қалған жерлері - шырша, май қарағай, бамбук өсетін тайга. Южносахалинск-Холмск темір жолы осы тауларды кесіп өтедіЗападно-Сахалинские горы — БСЭ — Яндекс. Словари Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Дереккөздер

Санат: Таулар Санат:Ресей географиясы