Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков (1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылы) – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселеріне арналған 170-тен аса ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы.

Негізгі ғылыми енбектері: «Әріп ақын» (монография, 2001), «Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003), «Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004), «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006), «Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006), «Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007), «Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008), «ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008), «Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010), «Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010), «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010), «Абайтану» (оқу құралы, 2012), «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...» (2013), «Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері», «Алаштың ақиығы ‒ Әріп қыран» (2014). Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» (2012) оқулығы авторларының бірі.

Алған мемлекеттік сыйлықтары: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2009), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің иегері (2013). Дереккөздер

Санат:1974 жылы туғандар Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Филология ғылымдарының докторлары