thumb|right|280px|Метаморфизмдік өзгеріс Литогенез (грек. лито - тас, генезис - пайда болу)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - шөгінді, жанартаутекті шөгінді жыныстардың және кен байлықтарының одан әрі өзгеруі мен қалыптасу процестерінің жиынтығы.

Теорияның шығу тарихы 1923 жылы ең алғаш Я.В.Самойлов (1870-1925) шөгінді жыныстарды зерттеу әдістемесі мен міндеттерін ашып көрсетіп, литологияны жеке ғылым саласы ретінде анықтап берді.

20 ғасырдың ортасында Ресейдің ғалым-литологы Н.М.Страхов (1900-1978) литогенез теориясын дайындаған. Бұл теория қазіргі және ежелгі шөгінді, сондай-ақ жыныс түзілудің салыстырмалы-литологиялық талдауына негізделген.

Литогенездің даму сатылары Седиментогенез - тұнбаның түзілуі. Диагенез - тұнбаның нығыздануы. Катагенез (эпигенез) - температура және қысымға, кей жағдайларда газ және су ерітінділеріне байланысты өзгеруі. Метагенез - метаморфизмге дейінгі өзгеруі (құрамының өзгеруі).

Типтері Гумидті литогенез типімен көмір, боксит түзілуі және марганецті темір кен орны байланысты. Аридтік литогенез типінде фосфориттік, табиғи тұздар мен мысты құмтас кен орындары түзіледі. Мұздық литогенез Солтүстік Тянь-Шаньның, Іле, Жетісу Алатауларының, Алтайдың биік таулық мұздықтарымен байланысты. Жанартаутекті шөгінділік литогенез жанартаулы аудандарға тән. Мұхиттық литогенез ірі су қоймасы ағыстарында (теңіздер, мұхиттар) пайда болады.

Дереккөздер

Санат:ҒылымтануСанат:Жер құрылысыСанат:ГеологияСанат:Геодезия