Internet Movie Database (IMDb, ) — әлемде кинематограф туралы ең ірі дерекқор және веб-сайт.
Сайтта фильмдер, телехикаялар, подкасттар, бейнеойындар мен стримингтік контент туралы ақпарат жинақталған. Мұнда актерлік құрам мен түсірілім тобы, өмірбаяндар, сюжет мазмұны, қызықты деректер, рейтингтер, сондай-ақ көрермендер мен сыншылардың пікірлері қамтылған.
2025 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, дерекқорда шамамен 25,9 миллион туынды және 14,8 миллион адам туралы жазба жинақталған.
Дауыс беру IMDb ең танымал мүмкіндіктерінің бірі — онлайн дауыс беру. Сайттың кез келген тіркелген қолданушысы фильмдерге 1 («ең нашар») мен 10 («жауһар») балл аралығында баға беріп, олардың рейтингіне әсер ете алады. Осы дауыстардың негізінде IMDb келушілерінің пікірі бойынша «Барлық уақыттағы ең үздік 250 фильм» және «100 нашар фильм» тізімдері түзіледі.
Үздік 250 фильм рейтингін жасау кезінде барлық қолданушының дауысы ескеріле бермейді. Бұл — дауыс санын қолдан көбейту әрекеттерінің алдын алу үшін жасалған шара. Атап айтқанда, мұнда тек сайтта тұрақты түрде дауыс беріп жүрген белсенді қатысушылардың таңдауы ғана есепке алынады.
Сондай-ақ, сайтта фильмдердің жанры, шыққан онжылдығы және басқа да санаттары бойынша бөлек рейтингтер бар.
IMDb нұсқасы бойынша ең үздік фильмдер
2026 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша ең үздік 25 фильмнің тізімі: Шоушенктегі ақталу (Фрэнк Дарабонт, 1994) Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) Қара сері (Кристофер Нолан, 2008) Өкіл әке 2 (Фрэнсис Форд Коппола, 1974) 12 ашулы кісі (Сидни Люмет, 1957) Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы (Питер Джексон, 2003) Шиндлердің тізімі (Стивен Спилберг, 1993) Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы (Питер Джексон, 2001) Қойыртпақ шығарма (Квентин Тарантино, 1994) Жақсы, жаман, жауыз (Серджо Леоне, 1966) Сақиналар әміршісі: Екі қамал (Питер Джексон, 2002) Форрест Гамп (Роберт Земекис, 1994) Төбелес клубы (Дэвид Финчер, 1999) Бастау (Кристофер Нолан, 2010) Жұлдызды соғыстар: Эпизод V - Империяның кері соққысы (Ирвин Кершнер, 1980) Матрица (Лана және Лилли Вачовски, 1999) Жақсы жігіттер (Мартин Скорсезе, 1990) Интерстеллар (Кристофер Нолан, 2014) Көкектің ұясы (Милош Форман, 1975) Жеті (Дэвид Финчер, 1995) Бұл ғажайып өмір (Фрэнк Капра, 1946) Қозылар үнсіздігі (Джонатан Демми, 1991) Жеті самурай (Акира Куросава, 1954) Қатардағы жауынгер Райанды құтқару (Стивен Спилберг, 1998) Жасыл миль (Фрэнк Дарабонт, 1999)
Статистика 2026 жылғы 13 наурызындағы жағдай бойынша, жағдай бойынша, IMDb 13 санатты бақылайды:
Түрі Аталымдар саны Фильм 731,089 Телесериал 292,960 Қысқаметражды фильм 1,115,960 Телесериал бөлімі (эпизод) 9,269,259 Шағын сериал (мини-сериал) 68,361 Телефильм 154,110 Телекөрсетілім (арнайы шығарылым) 57,261 Қысқаметражды телетуынды 10,938 Бейнеойын 46,122 Бейне (видео) 208,642 Музыкалық бейнебаян 211,726 Подкасттар сериясы 93,218 Подкаст бөлімі (эпизод) 14,800,235
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт
Санат:Киносайттар Санат:АҚШ сайттары