нобай|оңға Карс шарты — 1921 жылы Армян, Әзірбайжан, Грузин Кеңес Социалистік Республикалары мен Түркия арасында достық туралы жасасқан шарт. РКФСР мен Түркия арасында РКФСР-дің қатысуымен Карс қаласында 13 қазанда жасалды.
Негізгі баптар Карс шарты бойынша Закавказье республикасына Мәскеу шартының (16.03.1921) негізгі қағидалары жүктелді және шекара аймағы тұрғындарының шекарадан өтуін жеңілдету, оларға шекараның арғы, бергі жағындағы жайылымдарды пайдалануға ерік бері туралы, сауда қатынасын орнату және финанс-экономика мәселелерін реттеу жөніндегі комиссия құру туралы мақалалар белгіленді. Шарттың қашанға дейін қолдану мезімі көрсетілмеді. Бұл шарт бойынша Түркия мен Закавказье арасында Александрополь шартының (1920) күшін сақтап қалуға тырысқан кейбір түрік өкілдерінің пиғылынан туатын қақтығыстар жойылды, Түркияның халықаралық жағдайы нығайды, империалистік интевенцияға қарсы оның ұлт-азаттық соғысында жеңіске жетіге жағдай жасалды.Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том. 450px|нобай|ортаға|Карс шарты бойынша шекарасы
Дереккөздер
Санат:1921 жыл Ресейде Санат:РКФСР халықаралық келісімдері Санат:Әзербайжан халықаралық келісімдері Санат:Армения халықаралық келісімдері Санат:Грузия халықаралық келісімдері Санат:Түркия халықаралық келісімдері Санат:XX ғасыр халықаралық келісімдері Санат:Кавказ тарихы Санат:Карс Санат:1921 жылғы қазан Санат:1921 жыл саясатта