Әйет — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, аудан және Әйет ауылдық округі орталығы. Ауыл 1968 жылға дейін "Викторовка", 2018 жылға дейін "Таран" деп аталды.Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 91 км-дей жерде, Лисаковск қаласынан солтүстікке қарай 36 км-дей қашықтықта орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4480 адам (2232 ер адам және 2248 әйел адам) болса, 2009 жылы 3952 адамды (1871 ер адам және 2081 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Бейімбет Майлин ауданы елді мекендері