Қайнар – Қорағаты алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы жерімен ағып өтеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 187 км2. Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен басталып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. Ірі саласы – Молалы (ұзындығы 21 км). Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағады, орта және төменгі ағысында жазыққа шығып аңғары кеңейеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктем айларында тасиды. Өзен аңғары жайылым. Суымен Меркі ауданының егістігі суғарылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу су алабы