Егістік қатпаргүлҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – ұшқаттар тұқымдасы, қатпаргүл туысына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты thumb|left|180px|Гүлі Биіктігі 30-80 см, сыртын түк жапқан. Тамыр сабағы көп тармақты, күзге қарай қыстайтын тармақтары жетіледі. Сабағы тік, қарапайым немесе бұтақталған, төменгі жағында түгі бар, кейде сыртын без жапқан бұтақтары болады. 5 (7) жұп қандауыр тәрізді жапырақтары сабаққа сағақсыз орналасқан, ұзындығы 7-15 (20) см, ені 2-5 (10) см, жиегі тегіс. Төменгі тамыр жапырақтары кішірек, қысқалау сағақты. Сыртқы орама жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8-10 мм, үшкір, жиегі кірпікшелі. Тостағаншасы табақша тәрізді, ұзындыы 1 мм, сыртын түк басқан, ұзын әрі тік 8 тікенегі бар. Ұзынша жұмыртқа тәрізді күлтесінің ұзындығы 9-11 мм, көкшіл, сирек қызғылт және сарғыш түсті, сыртын аздап түк басқан. Ішкі гүлдеріне қарағанда сыртқы гүлдерінің күлтесі үлкенірек. Тұқымы сопақша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-6 мм, ені 2 мм, түгі қатты, бас жағында кішірек тісшелері болады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді.

Өсетін жері мен таралуы Еуропада, Азияның батысында, Африканың солтүстігінде кездеседі. Қазақстанда Жалпы Сырттың сілемдерінде, Тобыл-Есіл жазығында, Ертіс өзені маңында, Ақтөбе, Торғай, Көкшетау аймақтарында шалғында, қайың, терек ормандарының шетінде, үй маңында және арамшөп ретінде егістікте, тыңайған жерлерде, жол бойында өседі.

Дереккөздер

Санат:Ұшқаттар Санат:Қазақстан флорасы