Когнитивті диссонанс (когнитивті - танымдық, түсініктік; диссонанс - үйлесімсіздік, сәйкессіздік; , ) — сана қайшылықтарын сипаттайтын психологиялық теорияның термині болып, әдетте өзара қайшылықты екі сенім жүйесін, құндылық жүйесін, немесе әртүрлі көзқарастарды қатар ұстану, солар бойынша әрекет ету нәтижесінде туындайтын психологиялық ыңғайсыздануды білдіреді. Әдетте адам өз көзқарасы мен түсінікінде бірізді болуға, ортақ ішкі біртұтастықта өзін ұстауға ұмтылады, ал егер мәлім себептерден бұлар қайшылықты мазмұнда болса, онда адам жайсыздық, мазасыздық күй кешеді.Verywellmind: What Is Cognitive Dissonance? https://www.verywellmind.com/what-is-cognitive-dissonance-2795012

Сенім (ұстаным) мен қылық (behavior) арасында cәйкессіздік туылғанда адам ыңғайсыздықты жеңілдетуге, ішкі бірізділік қалыптастыруға көмектесетін әрекеттер жасауға бейімделеді. Адамдар мұндай психологиялық стресстерді әртүрлі амалдармен жеңілдетуге тырысады, мысалы, жаңа ақпараттан бас тарту, ақталу, түсіндіру, жалтару, т.б.Festinger, L. (1957). A Theory of Cognitive Dissonance. California: Stanford University Press.

«Пайғамбарлық сәтсіз болғанда: әлемнің жойылуын болжаған заманауи топ жөнінде әлеуметтік-психологиялық зерттеу» (1956) және «Когнитивті диссонанс теориясы» (1957) қатарлы еңбектерінде адам шынайы әлемде ішкі психологиялық үйлесімділікте (консонанс) болуға ұмсыну арқылы саналылық қасиетін көрсете алады дейді, когнитивті диссонанс теориясының негізін қалаушы Леон Фестингер. Ішкі сәйкессіздікті сезінген адам психологиялық жайсыздануды бастан кешіреді және когнитивті диссонансты азайтуға ынталанады. Олар белгілі бір өзгертулер арқылы стрессті әрекеттерінің ақылға қонымдылығын дәлелдегісі келеді, яғни бір болса танымына жаңа мазмұндар қосып когнитивті диссонансты рационализациялайды), немесе когнитивті диссонанс деңгейін арттыруы мүмкін жағдайлар мен қайшылықты ақпараттардан жалтарып, растау саңаржақылығына салынады.

Қайшылықты идеялар мен тәжірибелердің нюанстарын бірлікке келтіру барысында психикалық стресстер туындайды. Шындық құсап көрінетін қарама-қайшы нәрселерге төтеп беру үшін күш пен жігер қажет. Фестингердің пікірінше, кейбір адамдар сенгісі келген нәрселерге көзсіз сене салу арқылы диссонансты шешім еткісі келеді.

Дереккөздер

Санат:Психологиялық теориялар Санат:Әлеуметтік психология

Психология энциклопедиялық сөздік