Геологиялық қызмет – геологиялық зерттеулер, карта жасау, геологиялық іздеу, геологиялық барлау жұмыстарымен шұғылданатын мемлекеттік ұйымдар. Ресейдегі тұңғыш мемлекеттік геологиялық барлау мекемесі- 1700 жылы петр 1 құрған руда қазу істері жөніндегі Бұйрығы. Бұл мекеме 1719 жылы Берг- коллегия болып қайта құрылды. Оған тау-кен з-дтары мен «руда көрсетушілер» тобы бағынатын болды. Берг-коллегия 1807 жылы тау-кен департаменті, ал 1811 жылы тау-кен және тұз істерінің департаменті болып аталды. 1834-67 жылдары геологиялық қызмет жұмыстарын тау-кен инженерлерінің корпусы атқарды. 1882 жылы геологиялық комитет ұйымдастырылды. 1919 жылы Халық Шаруалығы Жоғары Советінің жанынан құрылған өндірістік барлау жөніндегі орталық басқарма (1922) геологиялық комитетпен бірікті. Мұнымен қатар пайдалы қазбаларды іздеу және барлау жөнінде салалық геологиялық комитет 1930 жылы геологиялық барлау Бас басқармасы болып қайта құрылды.

Дереккөздер Қазақ Эцклопедиясы