«Орёл & Ре́шка» — саяхаттар туралы украиналық танымдық телебағдарлама. Тұсау көрсетілімі мен алғашқы трансляциялар Украинаның "Интер" телеарнасында жүрді. Ақырында қайталама көрсетілімдер "К1" (Украина), "Пятница!" (Ресей), "Жетінші арна" (Қазақстан) және "TTV" (Польша) телеарналарында жүргізілді.

Бағдарлама туралы Әр апта сайын бағдарламаның екі жүргізушілері әлемнің кез келген қалаларына сапар шегеді. Бағдарламаның ережелері бойынша, жүргізушілердің біреуі демалыстарын 100 долларға өткізіп, екіншісі банк картасында бар таусылмайтын қаражатқа ие болады. Банк картасы кімге түсетінін анықтау үшін, жүргізушілер сапар алдында тиын лақтырады.

Бұл бағдарламада басқа саяхат туралы бағдарламалар сияқты қаланың назар аударарлық орындары,қонақүйлер, мейрамханалар мен ойын-сауық орындары туралы айтылады.

Екінші маусымнан бастап жүргізушілер әр қалада ішіне $100 салынған бөтелкені тығып қояды, ал тауып алған адамдарды бұны фото немесе видеоға түсіріп, жіберуін өтінеді. Бұндай "дәстүрдің" басты себебі – жаңа шарап өңдіретін демеушінің (спонсор) пайда болуында.

Тек екі шығарылымда жүргізушілер бағдарлама соңында кездеспеді — Тбилисиде (15 шығарылым), Душанбеде (95 шығарылым) және Квинсленде (241 шығарылым).

Орел и Решка МаусымдарЖүргізуші (еркек)Жүргізуші (әйел)1 Алан Бадоев Жанна Бадоева 2 Андрей Бедняков 34 Леся Никитюк56 Настя Короткая 78 Коля Серга Регина Тодоренко 9 Женя Синельников 10 Алан Бадоев, Андрей Бедняков,Коля Серга, Женя Синельников. Жанна Бадоева, Леся Никитюк,Настя Короткая, Регина Тодоренко.11 Алан Бадоев, Андрей Бедняков,Коля Серга, Женя Синельников. Леся Никитюк, Настя Короткая, Регина Тодоренко.12 Пётр Романов (25 - 40 эпизод) Леся Никитюк (1 - 24 эпизод), Регина Тодоренко.13 Леся Никитюк, Регина Тодоренко.14 Антон Птушкин Настя Ивлеева15 Регина Тодоренко, Натали Неведрова.16 Антон Птушкин Настя Ивлеева17 Коля Серга Маша Гамаюн18 Антон Птушкин (1 - 5 эпизод) Настя Ивлеева

Орел и Решка. Шопинг МаусымдарЖүргізуші (еркек)Жүргізуші (әйел)1 Константин ОктябрьскийМария Ивакова2Антон Лаврентьев345 Егор Калейников6

Шығарылымдар тізімі