Пайдаланылуы Бақылаудың резистивтік әдісі – электр тізбегіндегі резистивтік датчиктің омдық кедергісін өзгерту арқылы электрлік емес шамаларды (қозғалыс, деформация , күш, температура т.б.) хабарлау, реттеу, өлшеу әдісі. Бақылаудың резистивтік әдісінің қарапайым схемасына датчик (R_x ) пен қызметші прибор (А) тізбектеп немесе потенциометрше қосады. Өлшеу дәлдігін арттыру үшін соңғы схемаға қосымша ток стабилизаторы (В) – барратер жалғанады. U_c кернеуінің тербеліс әсерін жою үшін логометр түріндегі қызметші прибор пайдаланады. Теңестірілген көпір схемасы да U_c кернеуінің өзгеру әсерін жоя алады. Аппаратура схемасын оңайлату және өлшеу процесін шапшаңдату мақсатында теңестірілмеген көпір схемасы жиі пайдаланылады. Бұл жағдайда қызметші приборды көпір схемасының диагоналы бойымен қосады. Бақылаудың резисивтік әдісін жүзеге асыру үшін бірқатар қондырғыларда кернеу тұрақтандырылады. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1973 ж. 2-том, 112-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бақылаудың резистивтік әдісі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.