нобай|Францев Георгий Павлович Францов Георгий(Юрий) Павлович - совет философы, тарихшы, социолог, қоғам қайраткері. КСРО ғылым академиясының академигі, тарих ғылымының докторы(1942). 1940 жылдан КОКП мүшесі. Ленинград университетін бітірді (1924). 1931 жылдан Ленинградтың жоғары оқу орындарында сабақ берді. 1945-1949 жж. КСРО Сыртқы істер министрлігінде және партиялық баспасөзде басшы қызметтерде, «Правда» газетінде Бас редактордың орынбасары болды. 1968 жылы КОКП-тың жанындағы Марксизм-ленинизм институтының директорының орынбасары. КОКП-тың 22-23 съезінде КОКП ОК мүшелігіне кандидат болып сайланды. Воровский атындағы сыйлықтың лауреаты. 300 баспа табаққа жуық еңбектің авторы. Қазақ Совет энциклопедиясы Орыс тіліндегі шығармалары: Фетишизм и проблема происхождения религий, [М.], 1940; Коммунизм и свобода личности, М., 1963; Международное значение Великой Октябрьской соцалистической революции, М., 1967. Дереккөздер