Орынбор әскери тобы Атқарған қызметтері Орынбор әскери тобы - ақ гвардияшылардың «Оңтүстік армиясын» талқандау үшін Түркістан майданының 1-армиясы бөлімдерінен 1919 жылы тамызда құрылды. Орынбор әскери тобына Сағыршын, Тас-Оба, және Қуандық станциясы, Сакмара өзенінен Темірбайға дейінгі аралықты ақ гвардияшылардан тазартып, Ақтөбе мен Орскіге жол ашу міндеті қойылды. 1-Армия бөлімдері жауға қарсы шабуылды 13 тамызда бастап, 1000 км алға жылжыды. 22 тамызда 438-атқыштар полкі Сағыршын станциясын , 173-атқыштар полкі Дубиновка станциясын азат етті. Орынбор әскери тобының бөлімдері Қоншыбай, Бұлған, Мартөк станциясын, Әлімбет өңірінің жоғарғы жағын алып, Орск, Банный, Мәмбет, Ұртазымға жетіп, алдына қойылған міндетті толық орындады. 2 қыркүйекте Орынбор әскери тобы таратылып, әскери бөлімдері 1-Армияның құрамына қосылды. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 585-бет Дереккөздер