Сандық және сапалық пландар Қолданылу принципі Сандық және сапалық пландар - шахтада не карьерада кен қарау жұмысының жалпы жағдайын кеннің қалпы мен сиппатамаларын, қорын жер бетінің бедерін, ондағы рудник бөліктерін,өндіріс құрылыстарын,үйінділерді т. б бір проекцияда гөрсететін геол. маркшейдерлік құжат.Әрбір тау-кен өндірісінің мекемесінде (рудник,шахта,карьер) осындай план болады және олар үздіксіз жаңартылып толықтырылып отырылады.Рудниктің маркшейдерлік қызметі кен денесінің әр бөлігіндегі пайдалы қазба аумағының,бағытының,құрамының т.б өзгерістерін, оның қазылған мөлшерін және қазылып алынатын шамасын қазбалардың қалпын, келешектегі бағытын көрнекті планға түсіріп отырады. Осыған қарап өндіріс басшылары кен қазу жұмысын тиімді және қауіпсіз жағдайда жүргізу үшін нақтылы шаралар қолданады. С.ж.с.п-ның бір жылғы жиыны бір планшетке түсірілді де, архив документі ретінде сақталады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1997 ж. 4-том. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сандық және сапалық пландар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.