Тантиа Топи - ( лақап аты, шын аты – Рамчандра Пандуранг) (1814 ж. ш. -18. 4. 1859, Сипри қаласы)- үнді халық көтерілісінің (1857-59) талантты әскери көсемдерінің бірі. Көтерілісшілер өздеріне қосылған Джханси князьдығының билеушісі Лакшми- Байдың әскерімен бірге Гвалиор князьдығын алды. Алайда көтерілісшілер Нарбада өзенінің арғы бетінде сәтсіздікке ұшырап, Бунделкхандқа шегінуіне мәжбүр болды. Тантиа Топи Гвалиор заминдары Манг Сингхтың сатқындығынан қолға түсіп, дарға асылды. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 547-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тантиа Топи · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.