Виктор Васильевич Талалихин (18.9.1918, Саратов облысы, Вольский ауданы, Теплов селосы, - 27. 10. 1941) — Совет Одағының батыры (8.8.1941)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Социалистического Труда лётчику-истребителю Талалихину Виктору Васильевичу» от 8 августа 1941 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1941. — 17 августа (№ 36 (151)). — С. 1.. Жұмысшы отбасында туған. Борисоглебск әскери-авияциялық мектебін бітірді (1938). 1939-1940 ж. совет-фин соғысына қатысты. 1941 ж. Ұлы Отан Соғысында 177 – шабуылдаушы авиаполктің авиаэскадрилья командирінің орынбасары. 1941 ж. 7 тамызда түнгі әуе соғысында алғаш рет таран жасап, жаудың бір боибардировщигін, кейінгі шайқаста тағы да 5 самолетін жойды. 1941 ж. қазандағы әуе шайқасында ерлікпен қаза тапты. Оған қоладан ескерткіш орнатылды. Есімі өзі қызмет еткен 1-эскадрильяның тізіміне мәңгілік енгізілген.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 527-бет

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары