Судың шалқуы - шегінуі Құбылыстың ерекшелігі мен маңызы Судың шалқуы- шегінуі - жел әсерінен судың циркуляция бағытын өзгертіп, айдындар деңгейінің ауытқуын туғызатын құбылыс. Уақытша маусымдық және тұрақты түрлері болады. Әсіресе жағалық аудандарда анық байқалады. Су ағысы және жел бағыттас болған кезде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоғарылауы (кейде 5-м-ге дейін) байқалады жел жылдамдығы өте күшті болса, су тасқыны (Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания ойпаңды жағалауларында) туады. Судың шалқуы- шегінуінің жалпы табиғаты сейшке ұқсас, бірақ амплитудасы жоғары және ағыс сипаты өзгешелеу. Айдындарда (әсіресе таяз сулы) құрылыс жұмыстарын жоспарлауда судың шалқуы- шегінуін ескерудің маңызы зор. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 441-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Судың шалқуы- шегінуі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.