Қалдыбайұлы Қабланбай, Қ а п л а н б а й (т.-ө. ж. белгісіз) - Кішi жүздегі феод. қанауға қарсы Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерiлiсi (1836-1837) басшыларының бipi. Байұлы тайпасының Ысық руынан. Султандар мен билерің қисапсыз алым-салықтарын төлеуден бас тартқан. Ақыры қудалау көріп, шаруалар көтерiлiсiне барып қосылды. Қалдыбайұлы билер мен старшындардың мал-мүлкін тартып алып, шаруаларға үлестiрiп бердi. 1837 жылы 28 ноябрьде болған шайқаста атына oқ тиiп қолға түстi. Қалдыбайұлының батылдығынан қoрыққан Геке 40 солдатпен оны Орал қаласына жөнелттi. Оралда Қалдыбайұлы сотталып Сiбiрге айдалды. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер