Геотектоникалық болжамдар. 1852 ж. француз ғалымы, геолог Эли де Бомон алғаш рет өзінің контракциялық болжамын ұсынады.

Оны одан әрі дамыту жолында шетелдік ғалымдармен қатар (Э. Зюсс, Э. Ог, Г. Штилле) орыс геологтары да (А. П. Карпинский, И. В. Мушкетов т. б.) қызмет жа-сайды. Бұл болжам бойынша, алғашқы протопланеталық (ыстық күйдегі) дене біртіндеп (баяу) суынады. Соның нәтижесінде, оның жалпы көлемі кішірейеді. Осындай жолмен пайда болған жер қабығы (планетаның көлемі кішіреюі кезінде) жиырылып, қатпарланады және әр түрлі жарылыстарға ұшырайды. Қысқаша айтқанда (қатпарлы-жақпарлы аймақтар қалыптасып) тау құралу процестері байқалады. Таулы аймақтардың аралығында жер қыртысының ірі блоктары төмен шөгіп, болашақ мұхит орындары айқындалады. Планетамыздың суынуы осы уақытқа дейін жүріп жатыр деп, түсіндіреді. Бірақ, бұл болжам Жер қыртысының созылу (немесе кеңею) және рифттік жарықтардың пайда болу себептерін, сонымен бірге Жер қыртысының континенттік және мұхиттық тектерінің өзіндік ерекшеліктерін толық түсіндіре алмайды. Соған қарамастан бүл болжам өз уақытында прогрессивтік роль атқарды. Жердің алғашқы даму сатысында вулкандық процестердін, қар- қынды дамуы, ал кейінірек бүл әрекеттердін, әлсіреп азая бастауы планетамыздың суыну жағдайында екендігін көрсетеді.

Жердің кеңею немесе ұлғаю мүмкіндігі туралы айтылған алғашқы ойларды М. В. Ломоносов пен Д. Геттоннын, және И. О. Ярковский-дің (1889 ж.) еңбектерінен, кездестіруге болады. Егер контракциялық болжам лықты зерттеулер негізінде пайда болса, ал

Жердің кеюі жөніндегі болжам мұхиттарды зерттеу жұмыста-рының нәтижесінде ғана айтыла бастады.

XIX ғ. аяғында М. Рид Жердің кеңею мүмкіндігіні дәлелдеуге бағытталған пікірлерді жинақтап, ғылыми болжам ретінде ұсынады. Оны одан әрі дамытып, жетілдіру барысында Б. Линдеман (1927), М. А. Боголепов (1931), О. Хильгенберг (1933), М. М. Тетяев, В. М. Букановский, И. В. Қириллов (1949), В. Б. Неймані (1950), Л. Эдьед (1956, 1963), У. Кэри (1957) секілді ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Мұхит түбінде жер қыртысынын, жұқалығы және қатпарлы құрылымдардың жоқтығы, планетарлық көлемдегі деформацияның ең басты турі сығылу емес, созылу — деп, санауға негіз болды.

Жердін, алғашқы қалыптасуында оның радиусы 5430 км, ал тығыздығы 9,13 г/см3 (қазіргі кездегі радиусы 6371 км, тығыздығы 5,52 г/см3) шамасында болған. Ол кезде мұхиттар әлі құралмаған, ал планетамыздың беті түгелдей дерлік континентальдық жер қабы-ғымен көмкерілген. Кейінірек (П. А. Дирактың “Бүкіл әлемдік кеңею” принципіне сәйкес) материя тығыздығының (барлық бағытта да) азаюына байланысты, Жер өзінің қазіргі кездегі мөлшеріне дейін ұлғаяды. Жердің кеңеюі (кейбір ғалымдардың пікіріне қарасақ) палеозой эрасының соңында, ал басқа пікірлер бойынша, бор дәуірінде басталған деп саналады. Сонымен, жер қыртысы созылып ұлғая келе, кейінірек әр түрлі үзілістер мен жарылыстарға ұшырап, ең соңында, оның жеке блоктары алғашқы орындарын ауыстырып, қазіргі кезудегі белгілі континенттер құралады. Бұл болжам бойынша, соңғы 345 млн жылдар ішінде планетамыздың көлемі екі еседен артық ұлғайған. Бірақ, мұндай дәрежеде ұлғаюдың физикалық дәлелі келтірілмейді. Геологиялық факторлар да бұл болжамға қайшы келеді. Мысалы, планета көлемінің ұлғаюы, оның өз осінен айналу жылдамдығының азаюына (тәулік ұзақтығының артуы мен бір жылдық тәулік санының қыс-қаруына) әкеліп соққан болар еді. Сонымен қатар бұл жағдай салмақ күшінің өзгеруіне және жануарлар мен өсімдіктер дүниесі-нің эволюциялық дамуына да әсерін тигізер еді, Бірақ, Жердің геологиялық даму тарихында мұндай өзгерістер байқалмайды. Бұл болжамның негізінде геотектоникалық әрекеттердің периодтылығын және қатпарлану себептерін толық түсіндіруге болмайды. Сонымен, егер контракциялық болжам сығым күштеріне көбірек маңыз беріп, ал созылу немесе ұлғаю әрекеттеріне көңіл аудармаса, Жердің кеңеюі жөніндегі болжам геотектоникалық әрекеттердін, бәрін де созылу деформациясы арқылы түсіндіргісі келеді. XX ғ. басында, қысылу және кеңею кезеңдері кезек алмасып отыратындығы туралы жаңа пікірлер айтыла бастайды. Американ ғалымы геолог В. Бэчер (1933) жоғарыда айтылған екі болжамды біріктіріп, бірге қарастыруды ұсынады. Кейінірек бұл пікір совет ғалымдары тарапынан (М. А. Усов, В А. Обручев, 1940) қолдау тауып “Пульсациялық болжам” деген атпен белгілі болды.

Бұл болжам бойынша, Жер белгілі бір мерзім аралығында периодты түрде біресе ұлғайып, біресе кішірейіп, басқаша айтқанда, сығылу және созылу әрекеттері кезек алмасып отырады. Қеңею (ұлғаю) жағдайында, вертикаль барыттағы қозғалыстар жиі байқалып магмалық әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Сонымен Қатар әр түрлі жарылыстар мен үзілістер пайда болады. Ал кішірею немесе сырылу кездерінде қатпарлар түзіліп, магмалық процестер әлсірейді деп саналады. Бірақ, бұл болжамның, да физикалық негізі дәлелденбеді. Сонымен қатар бұл болжам қатпарланудың не себеппен континентальдық Жер қыртысында ғана кездесіп, ал мұхиттық тегінде кездеспейтіндігін түсіндіре алмады. Ирландия ғалымы Д. Джолидың (1929) пікірі бойынша, геотектоникалық әрекеттердің дамуына қажетті энергия жер қойнауындағы радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығады. Соған байланысты, мантиялық заттар дифференциациялық жіктелуге ұшырайды; жер қыртысының базальт қабаты балқиды, ал гранитті блоктар төмен шөгіп, континенттерді теңіз суы басады (трансгрессия). Соның нәтижесінде, олар тез суынып (гранитті блоктардың үзындығы қысқарады) қатпарлар түзіледі. Былайша айтқанда, таулар кұралады. Сонымен қатар, теңіз деңгейінің төмен түсуі (регрессия) байқалады. Мұндай әрекеттер әрбір цикл сайын (30—35 млн. жыл) қайталанып отырады. Вертикаль бағытталған қозғалыстармен қатар көлденен, бағыттағы қозғалыстардың да болуы мүмкін. Толығырақ айтсақ, Жер қыртысының гранитті блоктары (Айдың және Күннің тартылыс күштеріне байланысты) балқуға ұшыраған базальтты қабат бетімен жылжиды. Осы бағыттағы кейбір болжамдар Жердің ішкі қабатындағы қызудың пайда болу себептері мантиялық жылу ағымдарымен (конвекциялық) байланысты деп санайды. Басқаша айтқанда, мантиялық заттардың термогравитациялық дифференциациясы арқылы түсіндіріледі. Бірақ, бұл болжамның да физикалық дәлелі жеткіліксіз екендігін айта кету керек.

Фиксистер лагерінің басты өкілі, совет ғалымы В. В. Белоусовтың (1942) пікірі бойынша, Жер қыртысының даму барысында вертикаль бағытталған қозғалыстар ең басты роль атқарады. Радиогендік қызу әсерінен балқып пайда болған ыстық магманың жеңіл компоненттері дифференциациялық жіктелу әрекеттеріне байланысты жоғары қалқып шығады. Жер қыртысы-ның эволюциялық дамуындағы негізгі фактор гравитациялық жіктелу деп санайды. Ал радиогендік жылу тек энергия көзі болып есептеледі. Қазіргі кездегі ең активті аймақ “астеносфера” қабаты болып саналады. Астенолиттерді құрайтын базальтты жыныстар (төменгі мантиялық заттармен салыстырғанда) жеңіл болғандықтан жоғары көтеріліп, Жер бетіне жетіп төгіледі. Кейде базальтпен ілесе шыққан ультранегізді жыныстар Жер қыртысын ауырлатып, төмен қарай майыстырады. Бұл режим геосинклинал-дық режим деп аталады. Жердің терең қабаттарындағы әр түрлі термодинамикалық (физикалық-химиялық) жағдайларға байланыс-ты метаморфизм және граниттену әрекеттері байқалады. Қейінірек жоғары бағытталған қозғалыстар басым болып, жаппай көтерілу орын алады, басқаша айтқанда, тау құралады (“орогенез”). Осындай жолмен пайда болған таулар, экзогендік әрекеттерге байланысты біртіндеп бұзылып, ыдырай бастайды. Магмалық және тектоника-лық әрекеттер әлсірейді. Ең соңында, таулар тегістеліп, платфор-малық режимге ауысады. Ал мұхиттар бұрынғы ескі платформалар-дың орнында пайда болады. Немістің атақты ғалымы тектонист Ганс Штилле Жер қыртысының ең басты құрылымдық тектерін — қатпарлы белдеулер, платформалар және төмен шөккен платформа-лар деп, үш түрге ажыратады. Академик А. Д. Архангельский Тынық мұхитты төмен шөккен платформа деп, есептейді. И. А. Резанов Архангельскийдің бұл ойын әрі қарай дамыта отырып, континенттерде кездесетін геосинклиналды аймақтардың екі жағы да платформалармен шектелетіндігін айтады. Сол сияқты, Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеу де платформалармен шектелуге тиісті — деп, санайды. Соңғы жылдары жүргізілген мұхиттық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, кейбір мұхиттардың құрылысы, континенттік текке ұқсас екендігі анықталып отыр. Мысалы, Үнді мұхитында (Мадагаскар, Сейшель аралдары және Қергелен) докембрийлік көне жыныстар (граниттер және т. б.) та-былды. Олар көпшілік жағдайда, бор және палеоген дәуірлерінде көтерілген базалытық қабаттармен жабылған.

Бұл аралдар бұрынғы ескі материктердің қалдығы (реликт) деп есептеледі. Осы факторлардың негізінде И. А. Резанов Үнді және Атлант мұхиттары докембрийлік ескі Гондвана платформасының орнында пайда болады деп санайды. Әрине, мұндай пікірдін, растығын толық дәлелдеу үшін мұхиттардың терең қабаттарын комплексті түрде жүргізілген геофизикалық зерттеу және аса терең қабаттарды бұрғылау жұмыстарының нәтижесіне сүйену керек. В. В. Белоусов мұхит бассейндерінің пайда болуын былайша түсіндіреді: Жер қойнауында (мантия қабатында) кездесетін ультранегізді тау жыныстары, радиоактивтік энергияға байланысты жартылай балқып, базальтты жыныстар түрінде бөлініп шығады. Ал базальтты жыныстардың дифференциациялық жіктелуіне байланыс-ты гранитоидтар құрылып жер қыртысының континенттік тегі қалыптасады. Археозой эрасында жер қыртысының континенттік тегі планетаны түгелдей қамтиды. Ол кезде материктік ішкі теңіз бассейндері ғана пайда болып, ал мұхиттар әлі қалыптасқан жоқ еді. Қейінірек, радиоактивтік энергиянын, көбеюіне байланысты, мантиялық ультранегізді тау жыныстары түгелдей балқып, жоғары қарай көтеріледі. Олар қазіргі кездегі мұхиттардың орындарында жер бетіне жетіп төгіледі, басқаша айтқанда, лавалар түрінде атқылайды. Алғашқы жер қыртысын құрайтын базальтты жыныстар эклогитке айналады. Олардың меншікті салмағы артады. Соның нәтижесінде ультранегізді тау жыныстарынан құралған Жер қыртысының кейбір блоктары (салмағы ауырлап) қайтадан төмен шөгіп, мантия қабатындағы заттармен араласып кетеді. Сонымен, континенттік Жер қыртысының алғашқы құрамының кейбір бөлік-тері мантиялық ультранегізді жыныстармен алмасады. Осындай жолмен, Жер қыртысының жаңа тегі құралады. Бұл “Базификация-лық процесс” деп аталады. Базификациялық әрекеттердің нәтиже-сінде бұрынғы материктердің орнында мұхиттар пайда болады. Бұл процестерді “Мұхитталу” (океанизация) деп атайды. Жер қыртысы-ның материктік тегін құрайтын заттардың, жоғарыда айтылғандай, мантиялық заттармен араласуы мен алмасуы жоғарғы мантияның құрамындағы радиоактивтік элементтердің көбеюіне әкеліп соғады. Мұндай әрекеттердің байқалуы Жер қыртысының мұхиттық және континенттік тектерінің арасындағы жылулық мөлшерінін, тепе-теңдігін түсіндіретін факторлар болып саналады. Жер қыртысының жаңалануы (В. В. Белоусовтың пікірі бойынша) бор дәуірінің басында аяқталады.

Жалпы айтқанда, В. В. Белоусов геотектоникалық әрекеттердің динамикалық механизмін тек тік бағытталған қозғалыстармен байланысты қарастырады, ал Жер қыртысының ірі блоктарының көлденең бағыттағы қозғалысын мүмкін емес деп санайды. Бұл әрине фиксистер болжамының ең басты кемшілігі болып есептеледі. Континент-тердін, көлденең бағытта жылжып, орын ауыстыруы (дрейфі) мүмкін екендігі туралы айтылған алғашқы жорамалдар (геотектоникалық процестердің даму ерекшелігін түсіндіруге арналған) принципиалдык жаңа бағыттағы болжамның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Жер қыртысының ірі блоктарының көлденең бағытта жылжу мүмкіндігін көрсететін негізгі және алғашқы дәлелдердің бірі — Оңтүстік Американық шығыс жағы мен Африканың батыс жағалауларының. таңқаларлық ұқсастығы болып саналады. Атлант мұхитының жағалау сызықтарының параллельдігі ерте кезден-ақ көп ғалымдардың назарын өзіне аударғаны-мен, тек XX ғ. басында америка ғалымдары Тейлор (1908, 1910) мен Бейкердің (1912, 1928) және неміс ғалымы Вегенердің (1912, 1929) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғана, мобилистер болжамының негізі қалыптасты.