Bullet for My Valentine (ағылшын тілінен аударғанда: «Менің сүйіктімнің оғы») — уэльстік металкор-группасы, «мелодик металкор» стиліндегі музыканы ойнайды.

1998 жылы Бридженд, Уэльсте құрылды, және де «Jeff Killed John» деп аталды. Оның мүшелері «ню-метал» жанрында ойнады, Metallica және Nirvana өлеңдерін қайта айтты. Қаржымен байланысқан қиыншылықтырдың арқасында топтың музыка стилі мен атауы өзгерді, және де оның мүшелері продюссерді тауп алғаннан кейін олар «Bullet for my Valentine» деп аталды. Олар қазіргі уақытқа сай металкорді ойнап бастады. 2002 жылы Roadrunner Records лейблы топқа келісім шартты ұсынды, ол бойынша топ бес альбомды Sony BMG мен бірге шығаруға міндетті болды.

Bullet for my Valentine нің «The Poison» деген дебютті альбомы 2005 жылы 3 қазанда Ұлыбританияда және 2006 жылы 14 ақпанда валентина пірәдарының күнінде Америкада шығарылды, бұл «Bullet for my Valentine» нің атауына сәйкес келді. Осы альбом олардың досы Рой Дэннингке арналды. Billboard 200 де альбом 128 ші, ал Top Heatseekers те бірінші орында тұрды. 2008 жылы 6 ақпанға қарай 375 000 дана сатылды. Альбом Американдық дыбыс жазатын компаниялардың ассоциациясынан алтын статусты алды. Топтың Scream Aim Fire атты екінші альбомы 2008 жылы 29 қаңтарда АҚШта шықты және де бірден Billboard 200 де 4 орынға түсіп, бірінші күндері 53 мың данасы сатылды.

Тарихы Jeff Killed John тобының бірінші проекті (1998—2002)

Bullet for my Valentine атты группаның пайда болуының алдында, топ мүшелерінде басқа проект болды — Jeff Killed John (Джефф Джонді өлтірді) группасы. JKJ 1998 жылы Мэтью Так (ритм-гитара, вокал), Майкл Пэджет (жетекші гитара) және Майкл Томаспен (дабыл) құрылды. 2002 жылы группа компакт дискті шығарды, ол өзіне JKJ мен Nirvana және Metallica қайта ойнап берілген екі өлеңді кіргізді, продюссері Грэг Хайвер болды, ал дисктің өзі You/Play With Me деп аталды. Қаржыландыруды өзіне уэльдік музыканттарға көмектесетін Pynci компаниясы алды. Сосын топ Radio 1 ге шқырылды да тікелей эфирде өлең айтты.

Jeff Killed John мүшелері ню-метал тенденциясының артынан еруді қалады, бірақ Korn және Limp Bizkit группаларына ұқсас болғысы келмеді.

Қазір JKJ дің барлық жазбаларынан тек қана 7 өлеңдері қалды, оладың барлығы концерттік жазбалар: «Bouncy Stuff», «Eye Spy», «Hostile», «Loud Live», «Nation To Nation», «Play With Me», «You». «Eye Spy» өлеңі «Hit the Floor» атымен өзгерілген және көбірек лирикалық түрде BFMV нің The Poison деген бірінші альбомына кірді. Және де "Nation To Nation" өлеңі өзгертіліп және "Turn to despair" атымен қайтадан жазылды.

Топ құрамасы Қазіргі уақыттағы мүшелері Мэттью Так (ағыл. Matthew Tuck) — вокал, ритм-гитара (1998 — қазіргі уақыт) Майкл Пэджет (ағыл. Michael Padget) — соло-гитара, бэк-вокал (1998 — қазіргі уақыт) Джейсон Джеймс (ағыл. Jason James) — бас гитара, вокал (2003 — қазіргі уақыт) Майкл Томас (ағыл. Michael "Moose" Thomas) — дабыл (1998 — қазіргі уақыт)

Бұрынғы мүшелері Ник Крэндл (ағыл. Nick Crandle) — бас гитара, вокал (1998—2003)

Дискографиясы

Jeff Killed John 1998: Allsorts! 1999: Better Off Alone 2002: Eye Spy 2002: You / Phony 2003: Jeff Killed John EP

EP 2004: Bullet for my Valentine 2005: Hand of Blood 2006: The Poison: Live at Brixton 2007: Rare Cuts 2008: Road To Nowhere

Студиялық альбомдары 2006: The Poison 2008: Scream Aim Fire 2010: Fever 2013: Temper Temper DVD 2006: The Poison: Live at Brixton 2009: Scream Aim Fire: Live at London Alexandria

Сілтемелер: www.bulletformyvalentine.com

Санат:Уэльс музыкалық топтары