Базум жотасы - Кіші Кавказдың тау жотасы, Арменияның солтүстігінде орналасқан. Ұзындығы - 70 км-дей, ені 15-20 км.

Базум жотасы вулкан текті және шөгінді тау жыныстарынан, граниттен тұрады. Етек жағы - далалық шалғын, одан жоғары - субальпілік және альпілік шалғын. Памбака шатқалында жалпақ жапырақты орман өседі Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том .

Ең биік шыңы - Урасар тауы (биіктігі 2992 м). Басқа биік шыңдар: Урасар — 2992 м Аглаган — 2977 м Шиштепе — 2836 м Карагафлі — 2805 м Тодор — 2796 м Ярда — 2652 м Кочгирлан — 2302 м.

Дереккөздер

Санат:Армения