Иоанн (, (24. 12. 1167, Оксфорд,—19. 10. 1216, Ньюарк) — ағылшын королі (1199 жылдан 1216 жылға дейін. Плантагенеттер әулиетінен шықты. Генрих ІІ-нің кенже баласы. Францияның королi Филипп ІІ-мен сәтсіз соғыста Франциядағы иеліктерінің көбінен айрылды. Кентербери архиепископын сайлау жөніндегі мәселеде ағылшын эпископтарымен қақтығыста Иоанн тізе бүгіп, өзін Иннокентий III папаға тәуелдімін деп мойындады (1213). Жоғары қауымдық феодалдармен күресте жеңіліп, 1215 ж. Еріктілік ұлы хартиясына қол қойды. Кейін папаның қолдауымен хартиядан бас тартты да, барондар оған қарсы соғыс ашып (1216), Иоанн осы тұста қаза болды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ағылшын монархтары Санат:1167 жылы туғандар