нобай|Фердинанд Петрович Врангель
Врангель Фердинанд Петрович - орыс теңіз саяхатшысы, адмирал, Петербург ҒА- ның құрметті мүшесі (1855). Орыс геогр. қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1817- 19 ж. В. М. Головиннің «Камчатка» шлюпкасымен дүние жүзін айналып шыққан экспедициясына қатысты. 1820- 24 ж. Сібірдің жағалауын зерттеп, Индигиркадан Колючин кірмесіне дейінгі жағаны картаға түсірген экспедицияны басқарды. Жергілікті халықтан сұрау арқылы және теориялық болжамның көмегімен В. Солтүстік Мұзды мұхиттағы бұрын белгісіз аралдың алып жатқан орнын анықтады. Кейін оған В- дің есімі берілді. 1825- 27 ж. «Кроткий» кемесімен дүние жүзін айналып шыққан орыс экспедициясын басқарды. 1829- 35 ж. Аляскадағы орыс қоңыстанушыларының бас әкімі болды. Аляскадағы тауларға, мүйіске және басқа геогр. объектілерге В-дің есімі берілген.
Санат:9 қаңтарда туғандар Санат:1797 жылы туғандар Санат:Псковта туғандар Санат:1870 жылы қайтыс болғандар Санат:Тартуда қайтыс болғандар Санат:2 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Ақ қыран орденінің (Ресей империясы) иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Орыс Америкасы Санат:Ресей империясы географтары Санат:Ресей империясы саяхатшылары Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Ресей империясы мемуаршылары