Бұршаққынды үрме бұршақтың 100 г - 24 ккал

Құрамында С дәруменінің елеулі мөлшері, А дәрумен негізі, В тобының дәрумендері, Е дәрумені, фолий қышқылы, минералдар және жасұнық бар.

Тіпті басқа Бұршаққынды үрме бұршақты дайындау әдісі (тұтастай, тікелей бұршаққында) оны үрме бұршақтың барлық түрлерінен ерекшелейді.

Саулықпен жадыра Бұршаққынды үрме бұршақтың құрамындағы C, A, E дәрумендері, сондай-ақ мырыш бос радикалдармен тиімді күреседі және біздің терімізді жас әрі сау реңмен қамтамасыз етеді. Сау жүрек

Бұршаққынды үрме бұршақтың құрамындағы талшықтың, фолий қышқылының, магний мен калийдің үйлесуі инфаркт қауіп-қатерінің туындауын төмендетеді. Жас әрі нәзік

Бастапқыды асқа бұл көкөністің тек дәндері ғана қолданылды. Үрме бұршақтың жас бұршаққындарынан ләззат табуды түсінгендердің алғашқылары итальяндықтар болды (XVII ғасыр). Сол заманда ол пісіп кетпеу үшін қамдана отырып, бақшаға күнде қарап, жас үрме бұршақты жинаған. Уақыт өте, бағбандар француз үрме бұршағы (French Beans) деп аталатын нәзік бұршаққынды сұрыпты шығарды.

Майлы үрме бұршақ Сары бұршаққынды үрме бұршақты француздар майлы үрме бұршақ деп атайды, мүмкін бұл оның түсіне және ауызда еру қабілетіне байланысты болар. Сары собықты бұршақтар Мінсіз тұлға үшін

Жасыл және сары бұршаққынды үрме бұршақ жеуге жарамды жас бұршаққындарды асқа қолдану үшін өсіріледі. Бұл емдәмдік тағамның маңызды кұрамдас бөлігі. Ол басқа үрме бұршақтармен салыстырғанда ағуыздарға аса бай емес, бірақ құрамында көбірек дәрумендер бар.

Құрғақ бұршақтармен салыстырғанда құрамындағы талшықтардың азырақ мөлшерінің арқасында, оның нәрлілігі төмен және оңай сіңіріледі. Көкөністер энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Бұршақтар тұқымдасы