Мортильё (Mortillet) Габриель де -Француз археологы. Франциядағы 1848 ж. революцияға қатысқан. 1868-85 ж. Сен-Жермен музейінің тарихқа дейінгі көне ескерткіштер бөлімінің қызметкер және меңгерушісі болды. Еңбек қаруларының формасына және оларды өңдеу әдістерінің айырмашылықтарына негізделген пелеолиттік мәдениеттің даму кезеңдерінің хронологиялық схемасын дайындады. Мортильё эволюционист болды, Ч.Дарвинді жақтады. Дегенмен ол жануарлар мен өсімдік дүниесінің даму заңдарын алғашқы қауымдық адамзат қоғамы мен материалдық мәдениет заттары формасының дамуына да қолдануға болады деген қате пікірді болды.