Лавочкин «Ла-7» - кеңестік бір моторлы, бір кісілік жойғыш-моноплан. «Ла-7» «Ла-5ФН» ұшағының кейінгі жетілдірілген үлгісі. Кеңестік әуе конструкторы Семен Давочкиннің жетекшілерімен ТКБ-21 (тәжірбиелі-конструкторлық бюро) жасап шығарған (Горький қаласында). 1943 жылдың қазанында «Ла-7» ұшағының алғашқы прототипі «Ла-120» жасалды. Қараша айында ол әуеге көтерілді, 16 ақпанда мемлекеттік сынақтан өтті. 1944 жылдың көктемінде «Ла-7» атты жаңа жойғыш ұшақ майдан алаңына шықты да, қараша айында конвейрден «Ла-5ФН» ұшағын толығымен ығыстырды. Жауынгерлік қасиеті тұрғысынан алғанда Германия, Англия және АҚШ елдеріндегі биікте және төменде ұшатын соңғы үлгідегі поршенді жойғыш ұшақтарынан басым түсті. Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Лавочкин «Ла-7» · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.