Жанқылыш – Кіші жүз құрамындағы Әлім тайпасының Шекті руынан тараған атаның бірі. (Айт, Бұжыр, Жанқылыш, Жақайым) Ол Ақбансыр, Қазбансыр болып екіге бөлінеді. Қазан революциясынан бұрын Ембі уезінің Қошқарата болысымен Арал, Шалқарата және Қарақалпақстанның Шымбай, Қоңырат уездерін мекен еткен. Таңбасы Әлімұлы тайпасының таңбасымен бірдей.М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энциклопедиясы – 4 том, 672 бет. Ру тайпасы шамамен орта ғасырларда батыс Еуропадан шығыс Еуропаға (Батыс Қазақстанға) көшіп келген. Рудың адамдарының бет әлпеті батыс Еуропалықтарға және Солтүстік Еуропалықтарғада (көбінесе финно-угорларға) ұқсас болып келеді. Шежіре Әлімнен — Жаманақ (Шекті). Жаманақтан — Шыңғыс, Өріс, Бәубек. Бәубектен — Көкбөрі, Темірбақты, Жанқылыш. Жанқылыштан — Ақбансыр, Қазбансыр. Ақбансырдан — Жайын, Қожай, Құлқара, Шожай. Қазбансырдан — Ұлтарақ, Құлтас (Соқыр), Қаналы.
Дереккөздер
Санат:Кіші жүз рулары