Ткачук Сергей Андреевич(1944 жылы туған, Қытай, Харбин қаласы) – экономика ғылымының докторы (1989), профессор (1992), ғалым, инженер. Қысқаша өмірбаяны: 1966 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1971 – 1973 жылы осы институтта ассистент. 1973 – 1977 жылы «Целингипрозем» жобалау институтында бас маман. 1977 – 1986 жылдары Целиноград ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі, 1986 – 1990 «Целингипрозем» институтында бас маман қызметтерін атқарған. 1990 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі. Еңбектері:
Еңбектерінің негізгі бағыты: жалпы экономика теориясы, жер ресурстарын басқару, нарық байланысына өту теориясы мәселелеріне арналған. Ткачук 70-тен астам ғылыми еңбектің, 6 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер