Те́йлор Мише́ль Мо́мсен (; туды: 26 шілде, 1993, Сент-Луис, Миссури, АҚШ) — Американың актрисасы, рок-әншісі, гитарист және фотомодель. The Pretty Reckless тобының әншісі.
Өмірбаяны Тейлор 1993 ж. 26 шілдеде Сент-Луисте дүниеге келген. Отбасында орыстар бар.http://www.tatler.ru/nashi_lyudi/interview_and_photo_set_21/41545_teylor_momsen_intervyu_dlya_tatlerru_vah.php#p=41551 ; Оның кіші сіңілісі бар: Слоун Момсен (20 желтоқсан, 1996).http://www.imdb.com/name/nm0973533/ Өз карьерасын 3 жастан бастап, "Shake N' Bake" жарнамасына түскен. Алғаш маңызды рөлі Дэнис Хоппермен бірге "The Prophet's Game" фильмде болған. 2000 ж. Джим Керримен бірге "How the Grinch Stole Christmas" фильміне қатысқан. 2002 ж. "Гензель және Гретель" фильмде Гретель боп, "Spy Kids 2: The Island of Lost Dreams" және "We Were Soldiers" фильмдеріне түскен.
Келесі 3 жыл бойы Момсен кино түсіруге қатыспаған. Тек 2006 жылдан кейін, ол "Misconceptions", "Saving Shiloh", "Paranoid Park", "Underdog" фильмдеріне қатысқан. Сонымен қатар, Тейлор Ханна Монтана рөліне сыналып көрген. 2008 ж. "Spy School" фильмінде түскен. Сол жылы 14 жасында IMG Models модель агенттігінің контрактына қол қойды. Момсен Мадоннаның Material Girl киім маркасын әлемге таңыстырған. 2008 ж. кейін Тейлор өз уақытын музыкаға көптеп арнаған болатын. Оның өз рок-тобы бар. Бұл - The Pretty Reckless. Осы топта ол әнші, гитарист және композитор рөлін атқарады. 2009 ж. мамыр мен маусым арасында Тейлор өз тобымен бірге гострольдық турда болған.
2010 ж. The Pretty Reckless тобының "Make Me Wanna Die" өлеңі "Kick-Ass" фильмнің саундтрегі болған. Жазда жас әнші "Miss Nothing" өлеңіне өз алғаш клипін шығарып, жаз бойы турға қатысқан. Сонымен қатар, ол "Vans Warped Tour 2010" турына да қатысқан болатын.
2010 ж. 15 шілде күні Тейлор Момсен әлемге Мадонна және оның қызы Лурдестің жаңа киім коллекциясы Material Girl әлемге таңыстырады деп, жарияланған.http://www.graziadaily.co.uk/fashion/archive/2010/07/15/taylor-momsen-is-the-face-of-material-girl.htm
2011 ж. 16 тамызда Тейлор Момсен музыкамен шұғылдану үшін, өз актриса карьерасын бітіуін жариялаған. Ол Мэрилин Мэнсон "Hey, Cruel World" турына қатысқан, концерттерінің басында ойнаған болатын. Сонымен қатар, ол Golden Awards кезінде Мэрилин Мэнсонмен бірге "The Dope Show" өлеңін орындаған.https://music.yahoo.com/blogs/stop-the-presses/taylor-momsen-ive-quit-acting.html
Фильмографиясы Жыл Ағылшын аты Рөл 1998 Early Edition Элли 1999 The Prophet's Game Свэн 2000 How the Grinch Stole Christmas Синди Лу Кто 2002 We Were Soldiers Джули Мур 2002 Hansel & Gretel Гретель 2002 Spy Kids 2: The Island of Lost Dreams Александра 2006 Misconceptions Хоппер Уотсон 2006 Saving Shiloh Саманта Уоллас 2007 Paranoid Park Дженнифер 2007 Underdog Молли 2008 Spy School Мэдисон Крамер 2007-2012 Gossip girl Дженни Хамфри
Дискографиясы Студиялық альбомдары Light Me Up (2010) Going To Hell (2014)
Мини-альбомдары The Pretty Reckless EP (2010) Hit Me Like a Man EP (2012)
Синглдері «Make Me Wanna Die» (2010) «Miss Nothing» (2010) «Just Tonight» (2010) «You» (2012) «Kill Me» (2012) «Going to Hell» (2013) «Heaven Knows» (2013)
Дереккөздер
Санат:АҚШ рок-гитаристері