Айдарлы аражегіш () — Қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Сипаттамасы Айдарлы аражегіш кәдімгі аражегішке өте ұқсас құс. Одан тек қана құйрығының түсімен ерекшеленеді құйрығының ұшына таман қалың, қошқыл жолағы болады, ал кәдімгі аражегіштің құйрық біркелкі шиммайлы болып келеді. Бұдан басқа ересек айдарлы аражегіштердің ақшыл, алқымның төменірек тұсы тағаға ұқсас қошқыл түспен көмкеріледі. Дегенмен бұл екі түрдің айырмашылығын анықтау тіпті мамандар үшіін де проблема болып келеді.
Салмағы 0,7-1,5 кг, дене тұрқы 59-66 см, еркек дарасының қанаты 40,4-44,5 см, ұрғашы дарасында 43,7-49,7 см, қанат жайғанда — 150-170 см-ге жетеді.
Таралуы Айдарлы аражегіш Шығыс Сібір және Оңтүстік Азия да өмір сүреді, сондай-ақ жылыстау кезінде Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі"Қазақстаннның құстары' энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:Қаршыға тұқымдасы