Хумаюн () — Ұлы Моғолдар патшалығының 2-падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың үлкен ұлы, I Акбардың әкесі.
Толық атағы: әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Жам-и-Сұлтанат-и-Хақиқи уә-Мажази, Сейіт әс-Салатин, Әбілмұзаффар Насыреддин Мұхаммед Хумаюн, Падишаһ-и-Ғази, Зиллуллаһ.
Өмірбаяны Хумаюн 1508 жылғы 17 наурызда Кабулда Әмір Темір шөбересі Бабыр мен Махам бегімнің шаңырағында дүниеге келді.
Билеген жылдары Оның тұсында патшалық құрамына қазіргі Ауғанстан, Пәкістан, сондай-ақ Солтүстік Үндістанның жекелеген бөліктері кірді. Хумаюнның екі басты бәсекелесі болды. Оның бірі — ауған феодалдарының басшысы Шер хан, екіншісі — Баһадүр сұлтан болатын. Ол Шер ханмен он бес жыл бойы соғысып, солтүстік Үндістанды өзіне қайтарады.
Санат:17 наурызда туғандар Санат:1508 жылы туғандар Санат:1556 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары Санат:Үндістанда қайтыс болғандар