Баймағанбет Ізтөлин ауылы (1999 жылға дейін — Кировка)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлініс тарихынан (25.04.1921 ж. - 01.01.2017 ж.) — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Үлкен Сұлтан көлінің солтүстік-шығысында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 478 адам (244 ер адам және 234 әйел адам) болса, 2009 жылы 296 адамды (151 ер адам және 145 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері