Өткір тұмсықты Атлант акуласы () – хордалы шеміршекті балықтар тобына жатады. Бұл- өте кішкентай, қорғансыз акула. Түсі қоңыр, жасыл, сұрғылт, көгілдір сұрғылт, ал денесінің төменгі бөлігі ақ түсті болып келеді. Ауыз қуысы өте үлкен және аузының айналасы қатпарлы. Тұмсығы- өткір әрі ұзын. Арқасынан құйрық жүзбеқанатына дейін созылған қара бүйір сызығы бар. Өткір тұмсықты Атлант акуласының ұзындығы 1,2 метрге жуық. Бұл акула Атлант мұхитында, Флорида түбегі мен Ньюфаундленд аралы аралығында, сондай-ақ Мексика шығанағында тіршілік етеді. Өткір тұмсықты Атлант акуласы жаз айларында жағаға жақын 12 метр тереңдікті мекендейді, ал қыс мезгілінде 27 метр тереңдікте болады. Бұл акула- жыртқыш, Ол майда балықтармен, шеміршексіз жұмсақ жәндіктермен және асшаяндармен қоректенеді. Ұрпағын тірі күйінде туады. Ол маусым айында таяз теңіз жағалауына жүзіп барып, 4-7 акуланы өмірге әкеледі. Бүйір тұсында, арқасынан бастап, құйрық жүзбеқанатына дейін созылған қара сызығы бар, бұл- оның басқа акулалардан ерекшелігі.Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер

Санат:Акулалар