Қарулы Күштер қатарында қалыптасқан ілтипат білдіру, қастерлеу рәсімдері қалыптасқан. Қазақстан Респуликасының Қарулы Күштерінде шетел мемлекеттерінің жоғары лауазымды басшыларын қарсы алу, шығарып салу салтанатында ҚР Презинденті әскери бөлімшелеріге келген кезде, елін қорғау жолында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен зираттарына гүлдесте қою сәтінде, жауынгерлік туды алып шыққанда, әскери қызметкерлерді, сондай-ақ мемлекетке ерекше сіңген азаматтарды жерлеу кезінде әскери рәсімдер жасалады. Әскери қызметшілер бір-бірімен жолыққан кезінде құрмет көрсетіп, сәлемдеуге тиіс. Әскери құрмет көрсету тәртібі жарғыда, нұқаухатта және айрықша нұсқауларда белгіленген. Қазақ халқында "Ер қаруы-бес қару" деген мақал сөз бар. Ол жай қару емес,соғыс құралы, тек әскери адамның соғыста қолданатын жеке жауынгерлік қару. Дәстүр бойынша, батырлардың ер қаруының бесеу болып қалыптасуы әр түрінің айқаста бірін-бірі ауыстыра алмайтын тек өзіндік маңызын, жұмсалуы орнына байланысты .Бұл-ату, кесу, түйреу, шабу және соғу тәсілдері. Осыған сәйкес жауынгерлік құралдарға атуға, түйреуге, кесуге, шабуға, соғуға арналған қарулар жатқызылған. Көшпелі халықтарда ер қаруы қолданылатын түрлі әскери салт-дәстүрлер қалыптасқан. Ер құралын аса қадірлеп, кие тұтқан батырлар өз қаруларына жеке ғасырларда семсер немесе қылыш әміршілердің таққа отыру рәсімінде патшалық дәреже белгісі болған заттардың құрамына кірген. Қазақ хандарын ақ киізге көтергенде олардың белдеріне алтын қылыш байлаған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қазіргі әскери рәсімдер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.