Ахайя (Ахея; , , ) — Пелопоннестің солтүстігінде, Балкан түбегінің оңтүстігінде орналасқан аймақтың жалпы аты, Грекияның аймақтық бөлімшесі. Астанасы - Патры, халық саны 2011 ж. - 309694 адам болды.

Әкімшілік құрамы мен халқы Ахайя муниципалитеттері

Аймақ 5 муниципалитетке бөлінеді: Патры (Patras) - 1 Айгиалея (Aigialeia) - 2 Батыс Ахейя (West Achaea) - 3 Эримантос (Erymanthos) - 4 Калаврита (Kalavryta) - 5

Провинциялары Айгиалея провинциясы - Aigio Калаврита - Kalavryta Патры - Patras Note: Provinces no longer hold any legal status in Greece.

Ірі қалалары 2011 жылғы мәлімет бойынша, Ахайяның ірі қалалары:

Патры - 169,034 тұрғын Айгио - 20,664 тұрғын Қато Ахайя - 6,880 тұрғын Паралия - 6,336 тұрғын Оврия - 6,308 тұрғын Рио - 4,664 тұрғын

Тарихы Аймақтың аты алғашқы тұрғандардың аты - ахейлықтардың атымен қойылған. Ахайя жерінде Дима, Олен, Хары, Тритея т.б. қауымдар болған. Эллинизм дәуірінде Ахайя қалаларының өз ара одағы едәуір саяси роль атқарған. Олар дорийлықтардан қорғану үшін құрылған.

Б.з.б. 4 ғ-дың соңғы ширегінде одақ ыдырады. 280 ж.ш. қайта жанданды да, македондықтарға қарсы тұрды. 3 ғ-дың 2-ші жартысында одақтың құрамына 60 шақты қала кіірді. Оның белгіліайраткерлері: Арат, Фелопемен болды. Рим жаулап алғаннан кейін (б.з.б. 46 ж.) одақ жойылдыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.

Галерея +center|300pxcenter|300px«Калаврита (Kalavryta)»«Патры (Patras)»«Рио-Антиррио көпірі»

Дереккөздер

Санат:Грекия префектуралары Санат:Пелопоннес