Терінің іріңді аурулары (пиодермия) әр түрлі іріңдеткіш микробтардан (стрептококк, стафилококк т.б.) пайда болады. Сырқат ауру адамнан да, киімкешек пен тұрмыстық заттардан да жұғуы мүмкін. Іріңді аурулар жеке гигиеналық тәртіпті сақтамағанда, теріні дұрыс күтпегенде, жарақаттанғанда, тершең болған кезде, созылмалы ауруға шалдығып, организм әлсіргенде де пайда болады. Кейде бұдан басқа аурулар өршіп, емдеуді қиындатады. Ең көп кездесетін іріңді тері аурулары: фолликулит (көпіршік бездің қабынуы) импетиго (іріңді бөртпе), сикоз (шаш түбінің қабынуы), безеу, сыздауық, көошиқан т.б. Пиодермия, әдетте, кенет басталып, бірнеше күннен, не бірнеше аптадан кейін басылады; әлсіз адамдарда жара ұзаққа созылуы, сөйтіп оңайлықпен жазылмайтын ауруға айналуы мүмкін. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер