Тепкіншек — жас баланы атқа мінгізгенде қолданылатын ертоқым әбзелдерінің бір түрі. Қазақ халқында 5–6 жастағы баланы алғаш атқа мінгізгенде аяғы үзенгіге жетпейтін болғандықтан, оған арнайы тігіліп, ою-өрнекпен әсемделген тебінгі-тепкіншек қолданылады. Тепкіншекті түрлі-түсті жүн жіппен термелеп тоқылған өрнекті басқұрдан немесе шұғадан т.б. қалын матадан астарлап қоржын сияқты етіп тігеді де, бетін кестелейді. Оны ердің үстіне салады, екі басына бала екі аяғын салып отырады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тепкіншек · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.