Аурикулярия () - тікен терілі жануарлар тобына жататын теңіз жануары голотурияның (Holothuroidea) личинкасы.
Дене пішіні ересектеріне ұқсамайды, арқа жағы томпақтау, құрсақ жағы ойыстау келеді. Аузы құрсақ жағына орналасқан. Аурикулярия су қабатында жүзіп тіршілік етеді., кейін дамып келе жатқан Аурикулярия су түбіне жетеді де, "қуыршақ" сатысынан өтіп, кірпікшелерін жоғалтып, жас голотурияға айналадыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Дереккөздер
Санат:Тікентерілілер