Нуреддин әл-Атасси (; 1929 жыл, Хомс – 3 желтоқсан 1992 жыл, Париж) — сириялық мемлекеттік қайраткер, дәрігер.
әл-Атасси Дамаск университетінің медициналық факультетін бітірген, 1950 жылдан Баас партиясының мүшесі. Хомс қаласында партия ұйымына басшылық етті.
Баас құрған үкіметте бірнеше рет ішкі істер министрі қызметін атқарды.
1964 жылғы мамыр–қазан айларында САР-дің Президенттік кеңесінің құрамына кірді.
1964 жылғы қазаннан 1965 жылғы қыркүйекке дейін Сирия республикасы Премьер-министрінің орынбасары болды.
1966 жылдан бастап ол — АСКП-ның бас хатшысы, сонымен қоса, 1968 жылғы 29 қазаннан 1970 жылғы 13 қарашаға дейін ол — 61-Сирия премьер-министрі болды.
1971 жылы ол мемлекеттік төңкерістен кейін үкімет басынан түсті.
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Сирия президенттері Санат:Сирия дәрігерлері Санат:Сирия саясаткерлері