Дәрілік қырлышөпҚазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет. () – қасқыржемдер тұқымдасының қырлышөп туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

Биіктігі жарты метрге жуық. Көлбеу өседі, жуан тамырында жыл сайын қурап, түсіп қалатын сабақтарының орнындағы дөңгелек белгілері бар (бұл белгілер мөрге ұқсас болғандықтан халық арасында оны "Сүлеймен патшаның мөрі" деп атайды). Сабағы тік, қырлы. Үлкендеу келген жапырақтарының түп жағы сабақты сақина сияқтанып қоршап тұрады. Жапырақтары 2 қатардан өсімдіктің ұшына дейін кезектесе орналасқан. Гүлдері ақ, 1-2-ден жапырақтарының қуысында, гүл сабағының ұшында төмен қарай салбырап тұрады. Гүл жапырақшалары алтау, олар біріне-бірі жабысып, түтікше жасайды. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тұқымы - қаракөк жеміс. Дәрілік қырлышөп орманның және бұталардың арасында өседі.

Емдік қасиеті Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзге қарай қазып алады. Өсімдік аз зерттелген, бірақ құрамында глюкозидті заттардың бар екені дәлелденген. Тамырынан бастап барлық бөлігінің құстыратын қасиеті бар.

Ғылыми медицинада дәрілік қырлышөп пайдаланылмайды. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді бронхы мен өкпе қабынғанда, кейді ішек құрттарын түсіруге қолданады.

Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер

Дереккөздер

Санат:Қасқыржемдер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Улы өсімдіктер