«Мумия: Айдаһар патшасының қабірі» () - шытырман оқиғалы фильм, «Мумия» және «Мумия оралады» фильмдерінің жалғасы болып табылады. Стивен Соммерстің трилогиясының үшінші және соңғы бөлімі. Фильмнің премьерасы 2008 жылы 31 шілдеде өтті.

Фильм сыншылардан негізінен теріс пікірлер алды, олар басты рөлдердің ауыстырылуын және шамадан тыс жұмысты сынады. Бірақ шолуларға қарамастан, фильм прокатта табысты болды және бүкіл әлем бойынша 405 миллион доллар жинады.

Universal Pictures 2017 жылы The Mummy фильмімен франшизаны қайта іске қосты.

Сюжет Оқиғалар барысы Мысырдан Қытайға ауысты. Зерттеуші Рик О’Коннелл (Брендан Фрэйзер) тірілген император Цинь Ши Хуанмен (Джет Ли) күресу үшін көне қытай үңгірлері мен гималай шыңдарын бағындырып, Қытайға келеді. Оған бұл жолда ересек ұлы Алекс ( Люк Форд), әйелі Эвелин (Мария Белло, Рэйчел Вайсты ауыстырды) және оның ағасы Джонатан Джон Ханна) көмектеседі. Император Цинь Ши Хуанди, талай соғыста жеңіп, талай халықты бағындырып, мәңгі өмір сүру жолын іздей бастайды. Ол генерал Минды өмір құпиясын білетін құдіретті сиқыршыны іздеуге жібереді. Мин сиқыршыны табады. Сиқыршы ол ойлағандай кәрі, сұрықсыз емес екем. Мин мен сиқыршы бірін бірі ұнатып қалады. Олардың құпиялары ашылып, патша алдында жауап береді. Император оларды қосуға уәде береді, алайда кейіннен император Минды өлтіріп, сиқыршыны жаралайды. Өлерінің алдында сиқыршы императорды және оның әскерін қарғайды. Сөзінде тұрмаған император 10000 әскерімен терракоталық әскерге айналып 2000 жылға ұмыт қалады. Жиырмасыншы ғасыр. О’Коннел отбасы әдеттегіше өмір сүріп жатқан. Алекс О’Коннеллды алаяқтар алдап, императорды тірілтіп алады. Ол Линьды кездестіріп ата-анасымен сиқыршының мекенін табады. Шайқас басталады. Император әскерін шақырады. Цзы Юань өлілер әскерін тірілтіп, патшаға қарсы шайқасқа шақырады. Патша ашуланып, Цзы Юаньмен соғысады, ол ерекше қанжарды тауып, Линьге береді. Өлерінің алдында, жүрегіне қада дейді. Алекс патшаны өлтіріп, генерал Минның қызы Линьге үйленінеді.

Басты рөлдерде АктёрРөлБрендан ФрейзерРик О’КоннеллДжет Лиимператор Цинь Ши ХуанМария БеллоЭвелин О’КоннеллЛюк ФордАлекс О’КоннеллМишель ЙеоЦзы ЮаньДжон ХаннаДжонатан КарнаханРасселл ВонгМин ГоЭнтони Вонггенерал ЯнИзабелла ЛюнЛин Юань

Қарсылықтар Көрермен тарапынан біраз қарсылықтар болды: біріншіден, Мария Белло Эвелин рөлінде Рэйчел Вайсты ауыстыра алмады, Рейчел көрерменнің сүйіктісіне айналған еді; Екіншіден, оқиға барысын Мысырдан Қытайға ауыстыру мумияға қатысты фильмнің мағынасын жоққа шығарды; үшіншіден, актёр Люк Форд, көрермен пікірі бойынша, Александр О’Коннелл рөлі үшін тым ересек. Көрерменді жалғыз қуантқаны — ол басты рөлдерді Брендан Фрейзер мен Джон Ханнаның ойнауы.

Дереккөздер

Санат:Қорқынышты фильмдер Санат:Роб Коэн фильмдері Санат:2008 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ қорқынышты фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер